№1 мектеп-лицейі
Педагогтерге арналған конкурстар
Дереккөздер тексерілген күн: 21.10.2026
Төмендегі тізім — танысуға арналған. Ол дәл қазір өтінім қабылданып жатыр дегенді білдірмейді. Мерзімді ұйымдастырушының сол жылғы хабарламасынан қараңыз.
| Конкурс / олимпиада | Бағыты | Қайдан қарау керек? |
|---|---|---|
| Үздік педагог | Кәсіби шеберлік және педагогикалық нәтижелер | 2026 жылғы ресми хабарлама мысалы; өз өңіріңіздің кезеңін нақтылаңыз |
| Педагогикалық идеялар фестивалі | Педагогикалық идея, тиімді тәжірибе | «Дарын»: ресми ережелер жинағы ↗ |
| Математикалық регата | Математика пәні мұғалімдері | |
| Алтын тұғыр | Бастауыш сынып мұғалімдері | |
| Дарынды балаларға – талантты ұстаз | Педагогикалық олимпиада; қатысушы шарттары ережеде | |
| Үздік авторлық бағдарлама | Бағдарлама әзірлеу және тәжірибе ұсыну |
Конкурсқа қатысу мен оның аттестаттауда есепке алынуы — бөлек мәселе. Құжаттың тиісті тізбеге және өз бағалау критерийіңізге сәйкестігін тексеріңіз; кез келген интернет дипломына автоматты балл берілмейді.
