№1 мектеп-лицейі

Жалпы аттестаттау

Дереккөздер тексерілген күн: 21.10.2026

Негізгі құжат — 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрықтың қолданыстағы редакциясы. ПББ нәтижесі мен кәсіби қызмет нәтижелерін бағалау — екі бөлек көрсеткіш. Тесттен шекті балл жинау санаттың автоматты түрде берілгенін білдірмейді.

ПББ тапсырылатын жағдайда: мектеп педагогтеріне арналған шектер

Санат50 балдан кеміндеПайызы
Педагог2550%
Педагог-модератор3060%
Педагог-сарапшы3570%
Педагог-зерттеуші4080%
Педагог-шебер4590%

ҰТО форматында 50 тапсырма берілген. Уақыт — 80 минут; математика, физика, химия және информатика бойынша — 125 минут. Бұл кесте бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтеріне арналған.

Дереккөз: Ұлттық тестілеу орталығы, «Начальное и среднее образование» бөлімі. Пилотқа қатысушыға бұл тест кестесін талап ретінде қолданбаңыз.

ҰТО: формат және балдар ↗№83 бұйрық ↗
Құжаттарды реттеуге арналған жұмыс тізімі

Бұл — дайындалуға көмектесетін тізім; міндетті құжаттардың толық ресми тізімі №83 бұйрықта көрсетілген.

  • Қазіргі санаттың берілу күні мен аяқталу мерзімін тексеріңіз.
  • Диплом, еңбек өтілі және лауазым туралы деректердің дұрыстығын салыстырыңыз.
  • Мәлімдейтін санатты және жалпы тәртіппен не пилотпен өтетініңізді анықтаңыз.
  • Сабақты бақылау материалдарын, кәсіби нәтижелерді, курстарды тиісті бағалау парағымен салыстырыңыз.
  • ПББ қажет болса, тіркелу мерзімін ҰТО-ның жаңа хабарламасынан тексеріңіз.
  • Дәлелдерді критерийдің атауы бойынша реттеңіз: құжат, күні, ұйымдастырушы, деңгейі, сілтемесі.
Ақпараттық материал. Өтініш берер алдында ресми құжаттың қолданыстағы редакциясын тексеріңіз.