МЕКТЕП ТАРИХЫ БАСТАУЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘРТЕБЕСІ

Заманауи білім ордасының қалыптасуы

      Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы тарихы терең, тамаша тарланталанттар шыққан құтты мекен екендігі баршаға аян. Ел шежіресінің бір парасы, тебірентер тағылымды беттерін аудандағы білім беру шежіресінің жалғасы ретінде заманауи даму жолына түскен «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің тарихынан да тануға болады.

    Іргетасы мен білім беру дәстүрі тереңде жатқан оқу орны жаңа кезеңде қайта түлеп, 2022 жылы дербес мекеме ретінде заманауи үлгіде құрылды. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 3473,29 шаршы метрді құрайтын, сыйымдылығы 464 оқушыға арналған бұл ғимаратта 30 оқу кабинеті орналасқан. Заман талабына сай жабдықталған бұл білім ордасы – аудан орталығындағы сапалы білім мен саналы тәрбиенің жаңа заманауи ошағы.

Материалдық-техникалық база және білім беру ортасы

Бүгінгі таңда мектеп-лицей заманауи технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Білім алушылардың ғылымға, заманауи пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында инфрақұрылым жан-жақты жаңартылған:

  • Инновациялық кабинеттер: Оқу орнында 2 STEM кабинеті (№107, 108), 2 информатика кабинеті (№203, 207), телестудия (№303), заманауи еңбек кабинеттері (№101, 103) жұмыс істейді. Сол сияқты LED панельдермен жабдықталған математика (№301) және қазақ тілі (№304) кабинеттері оқушыларға қызмет көрсетеді.

  • Пәндік зертханалар: 2026 жылы мектептің физика (№204), химия (№305) және биология (№201) кабинеттері су жаңа құрылғылармен қайта жабдықталды.

  • Ақпараттық-техникалық жарақтандыру: Информатика кабинеттерінде 35 компьютер, серверде 2 ноутбук, 5 интерактивті тақта, 1 интерактивті панель, 15 проектор мен экран және арнайы телестудия инфрақұрылымы жұмыс істеп тұр.

  • Әлеуметтік жағдай және асхана: Оқушылардың денсаулығы мен қолайлы білім алуына ерекше көңіл бөлінген. 90 орындық мектеп асханасында 1–4 сынып оқушылары (1-сынып – 96, 2-сынып – 114, 3-сынып – 91, 4-сынып – 84 оқушы) және 5–11 сынып аралығындағы 18 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Оқушылар контингенті және әлеуметтік қолдау

2026–2027 оқу жылында мектеп-лицейде 39 сынып комплектісінде жалпы 940 оқушы білім алуда:

  • Мектепалды даярлық (МАД): 62 оқушы

  • 1–4 сыныптар: 385 оқушы (оның ішінде 4-сыныпты 84 оқушы аяқтайды)

  • 5–9 сыныптар: 392 оқушы (оның ішінде 9-сыныпты 98 оқушы аяқтайды)

  • 10–11 сыныптар: 101 оқушы (оның ішінде 11-сыныпты 49 оқушы аяқтайды)

Мектеп әкімшілігі білім алушылардың әлеуметтік жағдайына да үнемі қолдау білдіріп келеді. Мекемеде 90 көпбалалы отбасының 420 баласы, 27 аз қамтылған отбасының 33 баласы, сондай-ақ 52 толық емес отбасының 70 баласы қамқорлыққа алынып, қажетті әлеуметтік көмектермен қамтылған.

Педагогтар әлеуеті – сапалы білім кепілі

«Мектептің тірегі, жүрегі – ұстаздар» демекші, бұл білім шаңырағында өз ісінің шеберлері еңбек етеді. Мектептегі 84 педагогтың 79-ы жоғары білімді, 9-ы магистр дарежесіне ие. Муғалімдердің кәсіби сапалық құрамы жоғары:

  • Педагог-зерттеуші: 12 ұстаз

  • Педагог-сарапшы: 16 ұстаз

  • Педагог-модератор: 33 ұстаз

  • Педагог: 21 ұстаз

Мұғалімдердің орташа сапалық құрамы 33%-ды құрайды. Ұстаздардың сапалы құрамы мен қажырлы еңбегі мектептің білім деңгейін жылдан-жылға жоғарылатуға негіз болып келеді.

Көрсеткіштер, жетістіктер және түлектер асуы

Мектептегі білім сапасы динамикалық түрде тұрақты сақталып келеді: 2023–2024 оқу жылында – 69,8%, 2024–2025 оқу жылында – 67,1%, ал 2025–2026 оқу жылында 67,4%-ды құрады.

Мектеп мақтанышы – оның білімді түлектері. Ұлттық бірңғай тестілеу (ҰБТ) мен грантқа түсу көрсеткіштері мектеп абыройын асқақтатып келеді:

  • 2023–2024 оқу жылы: ҰБТ орташа көрсеткіші 53,03 балды құрап, 28 түлектің 10-ы жоғары оқу орындарына (ЖОО), 4-і колледжге оқуға түсті.

  • 2024–2025 оқу жылы: ҰБТ нәтижесі кескінді түрде өсіп, 74,5 балға жетті. Осы жылы 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 30 түлектің 11-і ЖОО грантын, 1-еуі колледж грантын жеңіп алды.

  • 2025–2026 оқу жылы: ҰБТ көрсеткіші 58,2 балды құрады. 2 оқушы «Алтын белгіні» актап шықты. Жалпы 32 түлек грант иегері атанды (ЖОО – 8, колледж – 7). Жоғары балл жинаған түлектер қатарында Жақсылық А. (104 балл), Есіркеп Е. (90 балл), Сәрсенбай А. (80 балл), Қанат Р. (76 балл) сияқты білімді жастар бар.

Еліміздің болашағын қалыптастырып, заманауи білім беру межесінен көрініп жүрген «№1 мектеп-лицейінің» мәртебесі әрдайым биіктеп, абыройы асқақтай бермек!