«Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсы

«Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңіне мектебімізден 4 оқушы қатысып, 2 оқушымыз I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды!
Ерсін Ерканатұлы — «Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша. Жетекшісі: Рыспекова Жадыра Жанибековна.
Салтанат Думанқызы — «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша. Жетекшісі: Картаева Айдана Нурлановна.
Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!